Таиланд төрінде өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында отандасымыз Санжар Тәшкенбай жеңіліп қалды. Финалдық бәсекеде ол өзбекстандық былғары қолғап шеберімен жұдырық түйістірді. 48 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында 1 және 3 раунд көрші ел спортшысының пайдасына жазылды. Осылайша отандасымыз Азия біріншілігінің күміс жүлдесін місе тұтты. Айта кетейік, бүгін тағы 8 қазақстандық боксшы алтын үшін шаршы алаңға шығады.