Түркістанда жаңадан салынатын нысандардың сәулеті қандай болмақ? Осыны анықтау үшін арнайы кеңес өтті. Дәстүрлі жиында медициналық орталық, көлік орталығы, галерея, емхана, көрме орталығы жобалары талқылауға ұсынылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен сәулеттік кеңесте мамандар мен инвесторлардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды. Сонымен бірге Түркістандағы атшабарды халықаралық талапқа сай ету мәселесі де сөз болды. Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай аудандарындағы ғимараттардың сыртқы сәулеті де сараланып, тиісті тапсырмалар берілді.