Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Парламент Сенатының Конституционалық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетаінің көшпелі отырысы өтті. Жиында жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды. Агенттік төрағасы жемқорлықтың алдын алуда қос тараптың бірігіп жұмыс істеуі маңызды екенін атап өтті. Үздік әлемдік тәжірибелерді зерделеп, халықаралық стандарттарды пайдалануды ұсынды. Сондай-ақ, кез келген саланың қаржыландырылуы ашық болу үшін жаңа сандық жүйелерді қолданысқа енгізу керек,- дейді жауаптылар.