Түркістан
EN

Түркістан облысында жоқ инвестицияға 225 млн теңге субсидия алған

45
11.12.2024

Түркістан облысында жоқ инвестицияға 225 млн теңге субсидия алынған. Яғни, қолдан жалған шот – фактуралар жасап мемлекет қазынасынан бөлінетін қаражатты майшелпекке балап, қалтаға тоғытқан. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы айтты. Әлихан Смайыловтың сөзінше, заңсыздық өзге өңірлерде де жетіп артылады. Мысалы, Оңтүстік өңірлерде және Ұлытау облысында мыңға жуық адам кәсіпкерлік ісіне 1,5 млрд теңгеге субсидия алды. Бірақ салық органдарында кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Ал Абай облысында 2 кәсіпорын сатып алынбаған ауыл шаруашылығы техникасына 131 млн теңгеге субсидия алған. Оларда жалған ақпарат берген. Қазір жауапты басшылар жауапқа тартылып, жатыр.