Түркістан
EN

Депутаттар есеп берді

19
11.12.2024

 Биыл жыл басынан бері Төлеби ауданындағы 175 тұрғынның мәселесі халық қалаулыларының қолдауымен шешімін тапқан. 230-дан астам жеке қабылдауға келгендердің басым көпшілігі тұрғын үй, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, сондай-ақ инфрақұрылымға қатысты ұсыныс тілектерін жеткізген. Бұл туралы Төлеби аудандық мәслихатының төрағасы Нұрлан Қойбағаров баспасөз отырысында айтып, алдағы жоспарларға тоқталды.