Түркістан
EN

Түркістанда жаңа жылдық безендіруге бюджеттен қаржы қарастырылмайды

68
11.12.2024

Түркістанда жаңа жылдық безендіруге бюджеттен қаржы қарастырылмайды. Бар шығынды демеушілер көтермек. Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, жаңа жылдық шырша Керуен-сарай кешені аумағына және Жеңіс саябағына қойылады. Ал, әкімшілік-іскерлік орталыққа бас шырша орнатылады. Жаңа жылдық безендіру жұмыстары Тәуелсіздік мерекесінен соң басталады. Айта кетейік, былтыр да Түркістан қаласында бұл мақсатқа бюджеттен қаржы жұмсалмаған болатын.