Түркістан
EN

Шымкентте полиция есірткі сатушылар тобын ұстады

57
11.12.2024

Шымкентте есірткі сатушылар тобы ұсталды. Күдіктілердің саны бесеу. Барлығы ер адамдар. Олардың үйін тінту кезінде арнайы желдету жүйесімен, жарықдиодты шамдармен және автоматты суару жүйесімен жабдықталған қарасора өсіру бөлмесі табылды. Фитолаборатория жойылып, өсірілген 46 қарасора бұталары мен құрал-жабдықтар тәркіленді. Сондай-ақ күдіктілерден жалпы  17 доза "синтетика" және 30 грамнан астам кептірілген марихуана табылған. Қазір бұл іске қатысы барлар қамауға алынып, тергеу жүргізілуде.