Түркістан облысының Ордабасы ауданында тек жұмысшы мамандарды оқытатын колледж бар. Биыл бұл білім ордасына 65 жыл толды. Оқу орынының алғашқы іргетасы 1959 жылы қаланып, ауыл шаруашылығының училищесі болып ашылған. Содан бері 25 мыңдай маман колледж қабырғасынан түлеп ұшыпты. Дәл осы білім ордасында «жаңа инновациялық жобаларды жүзеге асыру» тақырыбында семинар өтті.