Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет өңір тұрғындарын жеке қабылдады. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, жауапты сала басшылары және құзырлы органдармен бірге оңтайлы шешу жолдарын қарастырды. Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және білім салаларына қатысты мәселелерді ортаға салды. Аймақ басшысы көтерілген әрбір мәселе хаттамаға енгізіліп, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Сонымен қатар жеке қабылдауда суармалы жер, ағын су, тұрғын үй алу және жұмысқа орналасу туралы мәселелер көтерілді. Дархан Сатыбалды жауапты тұлғаларға әрбір мәселені жіті зерделеп, заң аясында жұмыс жүргізуді тапсырды.