Түркістан
EN

100 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

126
10.12.2024

Биыл Түркістан облысында 104 635 жұмыс орны ашылды. Олардың қатарында жастар практикасы, қоғамдық, әлеуметтік және алғашқы жұмыс орындары да тіркелген. Сондай ақ, күміс жас жобасы бойынша қамтылған азаматтар да бар. Аталған жоба аясында осы жылы 2208 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған. Десе де, көрсеткіш шектік межеден асып, 2441 азамат қамтылған.