Түркістан
EN

Майданға аттанған сарбаздың бейіті 80 жылдан кейін табылды

133
10.12.2024

Түркістаннан соғысқа аттанған жауынгердің бейіті 80 жылдан соң табылды. Түлкібас ауданы, Састөбе ауылының тумасы Байсерік Төрембеков 1942 жылы майданға аттанған. Бозбала қолына қару алып, Польша жерін қорғауға үлес қосады. Туыстарының айтуынша, Жеңіске екі ай қалғанда  майдангермен байланыс үзіліпті. Оның сүйегі Шығыс Пруссия операциясында қаза тапқан жауынгерлер мен офицерлер жерленген зираттан орын алған. Жауынгердің бейітіне Құран бағыштау үшін оның жиені Шығыс Еуропаға арнайы барды. Оған қоса өздерімен бірге батыр жерленген жердің топырағын да ала келген.