Қыс келсе де, Түркістанға әлі қар түскен жоқ. Жаңа жылдың лебі де онша сезілер емес. Алайда қала тұрғындары мерекеге қамдануды бастап кетті. Дүкен сөрелері мен базар жаңа жылдық бұйымдарға толы. Олай болса шыршалар мен безендіретін заттар қанша теңгеден сатылып жатыр? Сауда үйі мен базар тауарларының айырмашылығы қандай? Шұғыла Ғалиқызы зерттеп көрді.