Теріскейде табиғи газ тапшы. Облыстағы көгілдір отыннан қағылып отырған жалғыз аудан - Созақ өңірі. Бүгінде аудан орталығы Шолаққорғанға газ құбырлары толық тартылған. Бірақ, оны қосып, ел игілігіне беруге мүмкіндік болмай отыр. Бұл жайлы аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков өз есебінде баяндады. Аймақта тағы қандай өзекті мәселелер бар? Тілші тарқатады.