Түркістан
EN

Келес ауданында айналма жолдың құрылысы басталады

49
10.12.2024

Шетелмен шекара маңында орналасқан Келес ауданының транзиттік әлеуеті жоғары. Сондықтан логистиканы тиісті деңгейде дамытуға мүмкіндік мол. Алайда инфрақұрылым соған сай емес. Аудандағы автомобиль жолдарының аса маңызды учаскелерінде қозғалыс қарқыны жобалық параметрлерден 1,5-2 есе жоғары. Ал жолдардың сапасы оған тіпті лайық болмай тұр. Сондықтан ауданда келер жылы айналма жолдың құрылысы басталады екен.