Түркістан
EN

Арыс қаласының кішкентай тұрғыны «Аяз атадан» айрықша сыйлық алды

218
28.12.2021

Арыс қаласының кішкентай тұрғыны «Аяз атадан» айрықша сыйлық алды. 11 жасар Азамат Есімхан осыдан біраз күн бұрын арман-қалауын хат қып жолдаған екен. Жеткіншектің жазғаны «Аяз атаға» қатты ұнапты. Хатты ерекше тебіреніспен оқыған ол баланың тілегін орындауды жөн көрген. Тек бір шарты бар?! Жаңа жыл қарсаңында тосынсыйға ие болған балақайдың қуанышына біз де куә болдық.