Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған 3 білім ұясының құрылысы толық аяқталды. Бұл ғимараттар таяуда пайдалануға берілмек. Оған қоса дәл осындай 29 нысан соғылып жатыр. Онда 20 мыңнан аса оқушы білім алатын болады. Бірыңғай жобамен салынып жатқан мектептердің құрылысына қатысты Түркістан облысының әкімі жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.