Түркістан
EN

«Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы салынып жатыр

100
10.12.2024

Қазақстан мен Өзбекстан арасында екіжақты сауда әлеуетін арттыруда «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының маңызы зор. Бұл кешен қазір Мақтаарал ауданында салынып жатыр. Орталық құруға қажетті 100 гектар жер телімі бөлініп, мердігер мекеме анықталған. Бұл туралы Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі мәлімдеді. Дархан Сатыбалдының сөзінше, жобаны іске асыру жұмыстары қатаң бақылауда.