Күнтізбе бойынша қыс маусымы келгенмен, Түркістан әзірге суи қойған жоқ. Дегенмен үйлерге жылу қазан айынан бастап берілуде. Аяз бен боран болмаған соң көпқабатты үйлерде тұрғындар жылу батарейлерін өшіріп қойған. Алайда соған қарамастан, кей пәтерлерге жылу ақысы өте көп мөлшерде келген. Осылай шағымданған Жаңа қала аумағының тұрғындарын тілшіміз Шынар Әділханқызы тыңдап қайтты.