Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі былғары қолғап шебері Геннадий Головкинді қабылдады. Әйгілі спортшыны Халықаралық бокс федерациясы Олимпиада комиссиясының төрағасы болуымен құттықтады. Тоқаев Ұлттық Олимпиада комитетінің президентіне төрт жылдықтың басты додасына енетін спорт түрлерін дамыту бойынша маңызды міндеттерді жүктеді. Президенттің айтуынша, құраманың әлемдік бәсекедегі нәтижелерін жақсарта түсу қажет. Ал, өз кезегінде комитет төрағасы алдағы маңызды жарыстарға дайындық туралы баяндады.