Талғар қаласының маңында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың 30 жастағы ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың мәйіті табылды. Полиция мәліметінше, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Қылмыстық сипаттағы қандай да бір белгілер анықталмаған. Сондай-ақ марқұмның туыстарының біріне жазған хабарламасы табылды. Онда ол өзін Шерзаттың жанына жерлеуді сұраған.