Түркістан
EN

Республикада жанармай бағасы өсуі мүмкін

119
28.12.2021

Елде бензин бағасы тағы өсуі мүмкін. Мұнай-газ саласының сарапшылары алдағы уақытта жанармай бағасы тағы 25 процентке қымбаттайтынын болжап отыр. Жалпы жыл басынан бері жанар-жағармай құны 30 процентке өскен. Бұл автокөлік жүргізушілерін ғана емес, барша қазақстандықтарды алаңдатып отыр. Дегенмен еліміз арзан бензин сататын мемлекеттер ондығына кіреді екен. Бізден кейін Венесуэла тұр. Ондағы жанармай тегін, есесіне қорда өнім жоқ. Ал посткеңестік елдер арасында Түркіменстан бензині ең арзан он елдің қатарына кіреді.