Түркістан
EN

Қаржы пирамидаларын құру бойынша 68 қылмыстық іс тергелді

50
09.12.2024

Елімізде жыл басынан бері интернет кеңістігіндегі 47 қаржы пирамидасы анықталды. Әлеуметтік желілерде оларға қатысты 300-ге жуық чаттың көзі жойылған. Сондай-ақ қаржы мониторингі агенттігі дәл осындай пирамидаларды құруға қатысты 68 қылмыстық істі тіркеді. Салымшылар бұл ұйымдарға 20 млрд теңгеден аса көлемде шығын болыпты. Мамандар қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында жоғары ғылым және білім министрлігімен бірлесіп еліміздің 100-ден астам жоғары оқу орындарына тегін вебинар өткізді. Вебинарға қатысушыларға жинақтарын салу кезінде назар аудару қажет негізгі белгілер туралы айтылды.