Түркістан
EN

Түркістан облысында 30-ға жуық ауыл тұрғыны ішімдіктен бас тартты

52
09.12.2024

Түркістан облысында 30-ға жуық ауыл ішімдіктен бас тартты. Көш басын Ордабасы мен Мақтаарал аудандары бастап тұр. Қос аудандағы 5 елдімекеннің тұрғындары «Ішімдіксіз ауыл» жобасына қолдау білдірді. Одан соң Келес ауданындағы 4, Сайрам ауданындағы 3 ауыл спиртті өнімнен бас тартты. Сондай-ақ бұл қатарға Қазығұрт, Төлеби, Сауран аудандарындағы 2, Отырар, Жетісай, Арыс аудандарындағы 1 ауыл қосылды.