Елімізде 16 қаржы пирамидасының жолы кесіліп қылмыстық іске қатысы бар 35 азамат жауапкершілікке тартылуда. 19 мың азамат алаяқтардың арбауына сеніп қалтасындағы бар қаражатын салған. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары мәлімдеді. Айта кетейік айналым сомасы 16 милиард теңгені құраған. Ал Түркістан облысында 2-қаржы пирамидасының жолына тұсау салынып, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.