Түркістан
EN

Зейнетақы жинағынан қанша теңге шешіп алуға болады?

171
06.12.2024

Келесі жылы зейнетақы қорынан  кімдер «артық» ақшасын шешіп ала алады? Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры шекті мөлшерді жариялады. Зейнетақы қорындағы ең төменгі жетіклікті сома өзгермейтін болды. Яғни азаматтардың жасына қарай жинақта 3 млн-нан 10 млн теңгеге дейін ақша болуы тиіс. Мәселен 20 жастағы азаматтар үшін жеткілікті шек 3 млн 260 мың теңге, ал 30 жастағылар үшін 4 млн 580 мың теңге, 40 жастағы азаматтарға 6 млн 100 мың теңге болмақ. Шешіп алған қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге жұмсай алады. Тіпті сенімгерлік басқаруға аударуға мүмкіндік бар.