Түркістан облысында тағы бір жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Сауран ауданы Оранғай ауылында өрт сөндіру депосы ашылды. Нысан «Turan» арнайы экономикалық аймағында салынған. Енді ол аталған аймақ пен жақын орналасқан елді мекендердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.