Түркістан
EN

Әйелдерге тегін құқықтық көмек көрсетеді

45
06.12.2024

Облыс орталығында тұрмыстық қиын жағдайға ұшыраған әйелдерге құқықтық көмек көрсететін орталық ашылды. Медиациялық орталық "Аманат" партиясының жанынан құрылды. Айта кету керек, еліміз бойынша мұндай қызмет алаңдары партия жанынан алғаш рет ашылып отыр. Орталық тұрғындара тегін көмек береді. Мұнда психолог, заңгер мамандары жұмыс істейді. Облысымызда 183 мыңнан аса көпбалалы отбасы бар. Сондықтан, осындай орталықтардың ашылуы да әр отбасы үшін маңызды,- дейді негізін қалаушылар.