Түркістан
EN

Ауылшаруашылығы техникаларының басым көбі тозған

54
06.12.2024

 Қазақстан егістік жер мен жайылым бойынша әлемде алтыншы орын алады. Бидай экспорттаушы елдердің ондығына да кіреді. Дегенмен, дәл осы салада мәселе де жетерлік. Бұл туралы бүгін Парламенттік тыңдауда Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті. Бірінші мәселе - ауыл шаруашылығы техникаларының тозуы. Қазір қолданыстағы техниканың 70 пайыздан астамы 10 жылдан бері егістік алқабында пайдаланылып келеді. Яғни, мерзімі өткен. Тозған жабдықтармен және ескі тәсілмен өнімділікті арттыра алмайсыз деді, - Сенат төрағасы.