Студенттердің қаржылық сауаттылығын арттырды. Қаржылық Маниторинг Агенттігі Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетімен бірлесе отырып, «Тәртіпті өзіңнен баста!» атты эстафетасын бастады. Іс-шара барысында студенттермен қаржылық пирамидалар, дроп схемалары және лудомания сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Бұл іс-шара қарызсыз қоғамды қалыптастыруға, заңдылық пен құқық тәртібін дамытуға және студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Оған 1000-ға жуық студент қатысты. Сонымен қоса алаяқтық пен қаржылық тәуекелдерден қорғану тәсілдері бойынша білімдерін нығайтты. Айта кетейік, бұл ауқымды іс-шара еліміздің барлық өңірін қамтитын болады.