Түркістан
EN

Әлеуметтік нысандарды аралады

75
06.12.2024

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Мақтааралдағы әлеуметтік нысандарды аралады. Соның бірі Өркениет ауылындағы – спорт кешені. 2023 жылы құрылысы басталып, биыл тапсырылған нысанның құны – 600 миллион теңге. Мұнда түрлі спорт түрімен шұғылдануға мүмкіндік қарастырылып, толық спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сондай – ақ, өңір басшысы Атакенттегі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аз қамтамтылған, көпбалалы отбасыларға салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысымен де танысты. Жоспарға сәйкес 24 пәтерлі, 4 тұрғын үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Айта кетейік, қазір ауданда әртүрлі санаттағы 2 мыңнан аса тұрғын үй кезегінде тұр.