Астанада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. 34 жастағы ер адам екі жыл бұрын Тәжікстандағы үйлену тойында қонақтардың бірімен жанжалдасып, оған дене жарақатын салған. Салдарынан жәбірленуші қайтыс болды. Ол ізін суыту үшін 2023 жылы елден шығып кеткен. Биыл қарашада оған халықаралық іздеу жарияланды. Кейін қазақстандық полицейлер оны елордадағы сауда орталықтарының бірінде ұстады. Енді күдікті экстрадицияланып, Тәжікстанның қылмыстық іздестіру органдарына беріледі