Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметке Еркебұлан Дауылбаев келді. Оған аймақ басшысы Дархан Сатыбалды жаңа міндеттер жүктеп, қызметіне сәттілік тіледі. Айта кетейік, Еркебұлан Әбілханұлы 1978 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облысында дүниеге келген. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде, Ресей кеден академиясында білім алған. 2022-2023 жылдары еліміздің индустрия және инфроқұрылымдық даму министрі болған. 2023 жылдан қазірге дейін Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып келді.