Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың жаңа мемлекет басшысы Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Қазақстан басшысы Трампты сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Одан бөлек халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты еліміздің ұстанымын жеткізді. Саясаткерлер сауда, инвестиция салаларын және ядролық қаруды таратпау туралы, сондай-ақ стратегиялық серіктестікті нығайтуға қатысты әңгіме өрбіткен көрінеді. Жалпы, қос мемлекет басшысы ұдайы байланысты болуға уағдаласты.