Түркістан облысында елді мекендерді газбен қамту жұмысы қарқынды. 2 жылда 6 автоматтандырылған газ тарату станциясы ел игілігіне тапсырылды. Солардың бірі Мақтаарал ауданы Игілік елді мекенінде орналасқан. Аталған нысанға облыс әкімі арнайы барып, жай-күйімен танысты. Бүгінде «Мақтаарал» автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы ауданды газбен қамту көрсеткіші жақсара түскен. Аудан халқының 75,6 пайызы газбен қамтылған. Ал 19 елді мекенде ішкі газ жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Ол үшін биыл 4,7 млрд теңге қаржы бөлінді. Тағы 4 елді мекеннің ішкі газ жүйелерінің құрылысы әзірленуде.