Түркістан
EN

Балабақша қызметкері 54 млн теңге жымқырған

156
28.12.2021

Жамбыл облысында 54 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырған балабақша қызметкері сотталды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәлімдеуінше, аталған факт Жамбыл облысы, Сарысу аудандық білім бөліміне қарасты "Ақбота" балабақшасында анықталған. Мекеменің бюджет жөніндегі жауапты қызметкері Әбибуллаев қызметтік жағдайын пайдаланып, 2018-2021 жылдар аралығында өз шотына заңсыз ақша аударып келген. Осылайша ол үш жылда 54 миллион теңге бюджет ақшасын өз қалтасына басқан. Әбибуллаев сот үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бүгінде ол шығынның бір бөлігі 18 миллион теңгені мемлекет қазынасына қайтарды.