Түркістан
EN

Қазақстан 40-тан астам елге астық экспорттайды

15
06.12.2024

Қазақстан астықты экспорттау нарығын кеңейтуде.  Тасымал нарығы қазір 40-тан астам мемлекетті қамтиды. Олардың арасында Орталық Азия, Қытай, Ауғанстан, Түркия, Иран, Италия, Тунис елдері астықты бізден көп алатын елдер болып саналады. Жыл сайын 8-9 млн тонна астық сыртқа экспортталады. Оның 6-7 млн тоннасы бидай. Ал, алдағы жылы шет елге тасымалданатын астықтың көлемі 12 млн тоннаға дейін артуы мүмкін. Негізгі нарықтан бөлек, Ирак, Солтүстік Африка және Еуро Одақ елдеріне Балтық пен Қара теңіздегі порттар арқылы тағы 2 млн тонна астық тасымалдау мәселесі пысықталып жатыр.