Түркістан
EN

2025 жылы балалардың шотына қанша қаражат түседі?

100
05.12.2024

Келер жылы  Ұлттық қордан әр балаға шамамен 118-120 доллар түспек. Нақты сома 1 ақпанға дейін нақтыланады. Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында жинақталатын қаражатқа түсінік берді. Бас қаржыгер Мәди Тақиевтің айтуынша биыл жоба аясында 7 млн-ға жуық балаға 100 доллар 52 центтен аударылған. Ал алдағы жылы бұл сома қосымша инвестицияланбақ.