Теңге тағы құнсызданбас үшін не істейсіздер? Сенат отырысында Жоғары палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев Үкіметке сұрақты төтесінен қойды. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров бұл бағытта бірқатар ірі жобаны іске қосу көзделіп отырғанын жеткізді.