Еліміздегі ең ірі жылыжай кешені Келес ауданында салынып жатыр. Құрылысы былтыр басталған нысанға ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету көлемін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың әл-ауқатын көтеру міндеті жүктелген. 500 гектар аумақта орналасатын өнеркәсіптік жылыжайлар жобасы «ЭКО-культура» компаниясының қолдауымен жүзеге асуда. Салынып жатқан нвестициялардың жалпы көлемі 42 млрд. теңгеден асады. Жоба толық жүзеге асқанда жылына 27 мың тонна көкөніс өсіреді деп күтілуде. Заманауи жылыжай кешендері жылыту жүйесі мен салқындатуды реттейтін, тамшылатып суаруды, атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшерін басқаратын заманауи жабдықтармен жабдықталады деп жоспарланған.