Жемқорлыққа жол беру, ұрпақтың болашағына балта шабу. Бүгін осы атаумен Кентау қаласында форум өтті. Оған өңірдің мемлекеттік қызметкерлері мен құзырлы орган өкілдері қатысты. Тұрғындар да арнайы келген. Себебі, қоғамның бұл дертімен күресу бір ғана мекеменің жұмысымен шектелмейді. Бүгінде әр саладан сыбайлас жемқорлықтың түрлі көрінісі бой көрсетіп жүр. Сондықтан, парақорлықпен күресті әр адам өзінен бастауы керек. Қарапайым жұмысқа тұру, мемлекеттік қызмет алу кезінде пара ұсынбау сынды насихат айтылды. Қатысушылар азаматтарға пара ұсынған жағдайда қайда жүгіну керектігі түсіндірілді.