Түркістан облысының Келес ауданында 300 орындық мектеп пайдалуға берілді. Көгерту ауылындағы білім ордасының салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі арнайы қатысып, лентасын қиды. Оқушылар мен ұстаздарға сәттілік тіледі. Іргетасы 2023 жылы қаланған нысанның құны – 1 млрд 900 млн теңге. Бұл мектепте Көгерту ауылында және осы елді мекенге жақын орналасқан ауылдарда тұратын оқушылар білім алады.