«Жұмыстың сапасыздығы көзге ұрып тұр». Кентаудағы нөмірі 7 көпқабатты үйдің тұрғындары осылай деп шағымданып отыр. Мемлекеттік бағдарлама аясында жаңғырып жатқан үйдің жөндеу жұмыстары аяқталмай жатып, кафельдері сынып, сылақтары үгітіліп түсе бастаған. 15 жыл бойы бала шағаның аузынан жырып беріп, несиеге істеп отқан соң мердігер ала-құла қылмай өз міндетін атқарса дейді тұрғындар.