Мақтаарал ауданында құрылыс жұмыстары қызған. Биыл аймақта құны 2,5 млрд теңге болатын әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым желілері салынды. Бұл атқарылған жұмыстың жартысы ғана. Келер жылы тағы екі мәдениет үйі мен саябақ, тағы өзге де нысандар да бой көтереді. Ғимараттар құрылысына жергілікті өнімдер де қолданылады. Мәселен Мақтаарал ауданы Өркениет елді мекенінде шлакаблок жасайтын шағын цех жұмыс істейді.