Түркістан облысында тұрғындарды табиғи газбен қамту жұмыстары қарқында жүруде. Бүгінде өңірде 557 елді мекен халқы көмір жағып, күл шығару машақатынан құтылған. Бұл 1 млн 820 мыңға жуық адам. Тұрғындарды жеңіл отынмен қамту әлі де жалғасуда. Мәселен Келес ауданында «Абай» газ тарату станциясы іске қосылды. Онда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барып елді мекен халқының қуанышына ортақтасып қайтты.