Түркістан
EN

Кеденде кедергі жоқ

49
05.12.2024

Енді Сарыағаш ауданындағы кеден бекетінде кедергі болмайды. Тіпті, көршілес Өзбекстанмен арадағы жүк тасымалы 3 есе артуы бек мүмкін. Өйткені, қос мемлекет арасындағы «Қапланбек» кеден бекеті қайта ашылмақ. Маңызды нысан қазір күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бұл жұмыстармен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барып танысты. Айта кетейік, тауар тасымалына арналған бекеттің құрылысы 2 жыл бұрын басталған еді. Жөндеу жұмыстары шекараның арғы бетінде де жүріп жатыр. Бұдан бөлек, "Атамекен" және "Қазығұрт" шекаралық өткелдерінде де қайта жаңғырту жұмыстары жүруде.