Келестік кәсіпкерлердің белсенділігі артып келеді. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды Келес ауданына іссапары кезінде Абай ауылындағы жиһаз цехының жұмысымен танысты. 2006 жылы өз жұмысын бастаған кәсіпорын үйде қолданатын және асханаға арналған жиһаздар өндіреді. Сұранысқа байланысты айына 200 жиһаз жасап шығарады екен. Жоба құны – 250 млн теңге. Қазіргі уақытта цехта 20 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы бағыттағы шағын кәсіпорындарды көбейту керектігін айтты. Сонымен қатар, жауапты басшылар мен аудан әкіміне осы бағытта жұмыс жүргізуді тапсырды.