Түркістан
EN

Әкім жауаптыларды сынға алды

51
05.12.2024

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданына жұмыс сапарымен барды. Онда бірнеше әлеуметтік нысанның құрылыс барысын қадағалады. Әуелі аудандық «Абай» ауруханасы ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Өңір басшысы нысанның сапасына қатысты сын айтып, шұғыл ретке келтіруді тапсырды. Құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес аяқталуы тиіс. Олай болмаған жағдайда жауаптыларға шара қабылданып, жұмыстан шығарылатынын ескертті.