Түркістан
EN

Бүгіннен бастап камералар орташа жылдамдықты тіркейді - ІІМ

249
04.12.2024

 Көлік тізгіндеушілерге ескерту: енді камералар уақытты есептеп айыппұл салады. Бүгіннен бастап жол қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған заң күшіне енді. Жаңашылдық халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен жүретін барлық жүргізушілерге қатысты. Оған сәйкес, «Орташа жылдамдық» жүріп өткен жолды сол жолды жүріп өткен уақыт аралығына бөлу арқылы есептеледі. Айыппұл рұқсат етілген «орташа жылдамдықтан» асып кетуіне байланысты 5-тен 40 айлық есептік көрсеткішке дейін болады. Айта кетейік, қала маңындағы трассалардағы әрбір үшінші адам жылдамдық режимінің асып кетуінің салдарынан көз жұмған. Сондықтан мамандар, бұл жаңалық жан-жақты талдауды ескере отырып енгізілді деп отыр.