Сарыағаш ауданында өңірдің өз өнімін сататын көтерме-бөлшек сауда орталығы ашылуы мүмкін. Себебі, аймақтың ауылшаруашылығы әлеуеті соған сұранып тұр. Бұл тауарды делдалсыз арзан бағамен сатуға жағдай жасайды. Аудан шаруаларымен кездескен аймақ басшысы Дархан Сатыбалды осы жайында айтты. Шетелден келетін көкөніс пен бақша дақылдарының санын қысқартып, өз өнімімізді арттыру басты міндет. Ол үшін шаруалар мен инвесторларға барынша қолдау көрсетіледі, деді облыс әкімі. Сондай-ақ, жылыжай шаруашылығын жетілдіру жұмыстары талқыланды.