Түркістан
EN

Ақбөкеннің етін 35 мың теңгеден сатқан

182
04.12.2024

Ақтөбе облысында ақбөкенді заңсыз атып, етін сатпақ болғандар ұсталды. Полицейлер «Ақбөкен» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде ВАЗ автокөлігін тоқтатқан. Көліктің жүксалғышынан екі қап ақбөкен өлексесі табылыпты. Осыдан кейін Шалқар қаласында өзінің гаражында ақбөкеннің етін бөлшектеп жатқан кезінде үш адам ұсталды. Олардың бірінің гаражынан ақбөкеннің 8 ұшасы, 6 мүйізі, ал УАЗ көлігінен тағы бір ұшасы табылды. Күдіктілердің екеуі ашық жерде жайылып жүрген ақбөкендерді атып, жануарларды Шалқар қаласының тұрғындарына сатпақшы болғаны анықталды. Ұсталғандар жалпы 11 ақбөкенді атып алған. Олар әрқайсысын 35 мың теңгеге сатқан. Қазір ақбөкендерді заңсыз аулау және жою фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.